Мүгедектерге қандай жобалар бар жұмысқа орналасу үшін?

Вопрос


 Мен Нурекешов Даулет Берикұлы Түркістан қаласының тұрғынымын.3 топ мүгедек.Мамандығым ЭВМ операторы.Тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүрмін.

 Мүгедектерге қандай жобалар бар жұмысқа орналасу үшін?Менің өтінішім қаралады деген ойдамын.Рахмет!

  • 527
  • 0
  • 28 Июля 2022

Ответы на вопрос (1)

ДУЙСЕНОВА Т.Б. Министр труда и социальной защиты населения РК


  Сұраққа жауап 25 шілде 2022 жыл № 748543

  Дуйсенова Т.Б. 27.07.2022, 08:16


 Құрметті Даулет! Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.

 Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 2 ақпаннан а.ж. соңына дейін «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Түркістан қалалық филиалына қоғамдық жұмысқа жолданғансыз.

 Қазіргі уақытта жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) және «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» (бұдан – Ұлттық жоба) шеңберінде іске асырылуда. 

 Ұлттық жоба шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және азаматтардың жекелеген санаттары, оның ішінде мүгедектігі бар жандар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан, жұмыс орнында оқытудан, «Электрондық еңбек биржасы» порталы (бұдан әрі – ЭЕБ) (skills.enbek.kz) базасында онлайн оқытудан өте алады, сондай-ақ, бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз мемлекеттік грант алуға мүмкіндіктері бар. 

 Сонымен қатар, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу және ЭЕБ-да бос жұмыс орындарына, Ұлттық жобалар негізінде қалыптастырылған Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмысқа орналастыру қарастырылған. Бұдан басқа, Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс істейтіндердің (кемінде 50 адам) жалпы санының 2-ден 4% - ға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілейді.

 Жоғарыда көрсетілген шараларды алу үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге кеңес береміз. Сондай-ақ, бос жұмыс орындарын өздігінен қарастыру мүмкіндігі бар, ол үшін ЭЕБ порталында («www.enbek.kz») жеке кабинетіңізді тіркеп, ұйымдар мен мекемелердің ұсынған бос лауазымдарына үн қату арқылы түйіндемеңізді жолдау қажет.

Комментарии

Чтобы иметь возможность читать и оставлять комменарии, необходимо иметь активную подписку на сайте.