Төленбеген несиеге жаңа кесте жасап беруге ықпал ету туралы

Вопрос


 (Төленбеген несиеге жаңа кесте жасап беруге ықпал ету туралы) Құрметті Қаржы министрі. Біздің "Адам құқықтарын қорғау" ұйымына Түркістан Облысы Сайрам ауданы Әйтеке Би ауылы Жаңа құрылыс көшесі 452/204 квортал тұрғыны Кудайбердиев Алмас Дүйсебаевич ЖСН 8702163***** шағымданды.

 Ол өз шағымында 2016 жылы АО "Халық Банкі" нен 1500.000 (Бір миллион бес жүз мың) теңге несие алғанын. Және ол кезде "Геотехносервис" ЖШС де жұмыс жасағанын алайда ол жұмыста қысқартуға түсіп несиесін төлей алмай қалғанын, соның салдарынан қазір АО "Халық Банкіндегі" берешегі 3444365 (Үш миллион төрт жүз қырық төрт мың үш жүз алпыс бес) теңге болып кеткенін, 2019 жылғы "Займер" Микро Қаржы Ұйымындағы қарызы 114258 (Жүз он төрт мың екі жүз елу сегіз) теңге екенін жеткізді.

 Осыған байланысты Кудайбердиев Алмас Дуйсебаевич Атқару парағының дер кезінде орындалмауына және қарыз өндірудің мерзімі өтуіне байланысты Атқару парағын жойып жаңа кесте (график) жасап беруді сұрайды.

 Сондықтан сізден Кудайбердиев Алмастың несиесі мен МҚҰ қарызына кесте жасап беруге ықпал етуді сұраймыз. "Адам құқықтарын қорғау" ұйымының директоры Ершат Искандаров БИН 151240008798 телефон 8705854****

  • 464
  • 0
  • 2 Августа 2022

Ответы на вопрос (1)

ЖАМАУБАЕВ Е.К. Министр финансов РК


   Сұраққа жауап 02 тамыз № 749280

   Жамаубаев Е.К. 02.08.2022, 09:49


 Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шарттар негізінде жүзеге асырылады.

 Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердің қызметіне араласуға құқығы жоқ.

 Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы» ережеге (ҚР Президентінің 11.11.2019 ж. № 203 Жарлығы) сәйкес, ҚНРДА қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Осыған байланысты, уәкілеті берілген органға жүгінгенді орынды деп санаймыз.

Комментарии

Чтобы иметь возможность читать и оставлять комменарии, необходимо иметь активную подписку на сайте.