Банктер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар

Вопрос


 Құрметті министр мырза!!! Сізге өтініш жазу себебім,қаржылық сауатсыздықтың кесірінен бүгінгі күні өзімнің жүктемеме 4900000 теңге кредит рәсімделген . оның негізгі РБК және Каспий банк, қалған кредиттерім микроқаржылық ұйымдарда қарыздарым бар.

 Жалақымның 179000 теңге қолыма алатын болғандықтан негізгі кредиттерді төлей алмай микрлжаржылық ұйымдардан бірінен алып екіншісіне саламын деп проценттік көрсеткішін де өсіріп алдым.

 Бүгінде бұл микроқаржылық ұйымдармен банктердегі барлық кредиттертімді рефинонсировать етіп жасап беруге Сіздің құзіреттіңізден басқа ешбір органның маған көмегі тимегендіктен өзіңізге хат жолдап отырмын.

 Менің асырау міндеттілігімде кәмілет жасындағы 3 балам бар.Гипертензиялық давление мен және буын ауыруларымен тіркеуде тұрмын.

 Сот орындаушылардың есепсіз қоңыраулары мен қатты айтылған ащы сөздеріне денсаулықтың нашарлығынан көтере алмайтын болғандықтан өзіңізге өтініш жазып сұрап отырмын.өзіңізге деген үлкен құрметпен және қараусыз қалдырмайды деген үмітпен Такежанова Бакыт Акатовна

  • 271
  • 0
  • 30 Июля 2022

Ответы на вопрос (1)

ЖАМАУБАЕВ Е.К. Министр финансов РК

  

   Сұраққа жауап 30 шілде № 749243

   Жамаубаев Е.К. 02.08.2022, 09:47


 Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шарттар негізінде жүзеге асырылады.

 Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердің қызметіне араласуға құқығы жоқ.

 Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы» ережеге (ҚР Президентінің 11.11.2019 ж. № 203 Жарлығы) сәйкес, ҚНРДА қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Осыған байланысты, уәкілеті берілген органға жүгінгенді орынды деп санаймыз.

Комментарии

Чтобы иметь возможность читать и оставлять комменарии, необходимо иметь активную подписку на сайте.